Толайым табыстарға жетіп келеді
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Республикалық «Ой-сана» қашықтық олимпиадасына математика пәнінен қатысып, І, ІІ жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларды марапаттарымен құттықтаушылар қатары көп болды. Оқушылардың биік жетістікке жетуіне қол ұшын созып жүрген жетекшілері Рустемова Айкүл, Кочкарова Балнұр, Өнерова Нурипа, Ерімбетова Назигүл. Шәкірттерін жеңіске жетелеген ұстаздары мұнымен ғана шектелмей өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары мен де көзге түсіп жүр. Оқушыларға тек қана тәлім беріп қана қоймай, олардың тәрбиесіне де көңіл бөліп келеді. Соның арқасында жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда жұмыстары оң нәтижелі. Мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылық жоқ. Тек қана толайым табыстарға жетіп келеді.
Толайым табыстарға жетіп келеді
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode