Әлеуметтік мәселені шешуде алдыңғы орында
Қазақстан əйелдер құқығы бойынша БҰҰ-ның «Əйелдерді дискриминациялайтын барлық органдарды жою», «Əйелдердің саяси құқықтары туралы» конвенциясына, сонымен қатар 30-дан аса халықаралық келісімшарттар мен конвенцияларға қол қойып келісімшартқа отырғаны белгілі. Қазақстандағы əйелдер саясатқа немқұрайлы деген ескі көзқарастың күні өткен. Мойындау керек, елімізде саясатта белсенді əйелдер көп. От басы, ошақ қасынан алыстап, елдік мәселемен айналысып жүрген нәзікжандылар қатары артып келеді. Оларды қолдау, көтермелеу қажет. Парламент, мəслихат орындарына жету үшін əйелдерге сайлау технологиясын үйрету керек. ҚР Президенті жанындағы əйелдер жəне отбасы ісі бойынша ұлттық комиссия дəл осы жұмыспен айналысады. Əйелдерді алға тартып, имиджін жасап жəне оларға дауыс беру керек. Себебі елдегі тұрғындардың тең жартысын əйелдер құрайды. Əйелдер отбасын алға сүйреумен қатар, қызметті де қатар алып жүре алады. Біз əйелдер үлкен ерік-жігердің, күштің, шыдамдылықтың иесі екендігін көре аламыз, ал енді саясатта айналысу олардың қолынан саясатпен айналысу келмейді деп айта алмаймыз. Əйелдердің экономикалық жағынан алға жылжуына көмектесу керек. Саясатқа экономикалық жағынан тəуелсіз əйел саясатпен нақты айналысып, көп күш жігер жұмсай алады. Сондықтан да гердерлік саясаттың нәтижелерін көру уақыты баяғыда келген. Нәзікжандылар ел экономикасының өрге өрлеуіне, әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуына тигізер пайдасы мол.
Ақлима Алаухан,
Шымкент қаласы,
әлеуметтанушы
Әлеуметтік мәселені шешуде алдыңғы орында
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode