"Адалдық сабағы" керемет әсер қалдырды
Ұлы Абайдың шығармаларымен ұштастырып өткен "Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" тақырыбындағы "Адалдық сабағы" керемет әсер қалдырды. Шымкенттік оқушылар www.yotube.com желісі арқылы сабақты тамашалап, өз ойларымен бөлісті, қазіргі қоғамда орын алып отырған оқиғаларға пікірлерін білдіріп, адал еңбектің қашанда жоғары тұратындығын және адамгершілік, отбасылық құндылықтарды жастар өмірінде маңыздылығы туралы құнды ойларын ортаға салды.Осындай рухани адамгершілік дәрістердің парасатты қоғамды қалыптастыруда жас жеткіншектердің орны ерекше екенін және осындай сабақтардың жалғасын таба береді деген сенімдерін білдіріп, оқушылар қызығушылықпен белсене қатысты. Қашықтықтан "Адалдық сағаты" республикалық акциясы өткізілді. Адалдақ, парасаттылық тақырыбында оқушыларымызға Балапан және Ел арна телеарналары арқылы жоғары деңгейде көрсетілді. Сондай ақ You Tube каналы арқылы оқушылар бүгінгі " Адалдық сағаты" акциясынан алған әсерлерімен пікір қалдырып бөлісті.
"Адалдық сабағы" керемет әсер қалдырды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode