Талмай еңбек етуінің арқасында

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Талмай еңбек етуінің арқасында

 

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия ұжымы жас ұрпаққа сапалы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беруде нәтижелі жұмыстар атқаруда. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте ұдайы тәрбие сағаттары өткізіліп тұрады. Бүгінде еліміздегі жағдайға байланысты тәрбие сағаттары онлайн форматқа көшкен. Мектеп ұжымындағы өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұстаздардың талмай еңбек етуінің арқасында оқушылар биік жетістіктерге жетуде. Түркия Республикасы Анкара қаласында өткен "Great philosophers of the world" and "Reading man - the future scientist of the world" халықаралық байқауда оқушылар Оразалы Наиля мен Абдашим Сымбат жүлделі І орын, Өскемен қаласында өткен "Short-trek" спортынан Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында Момыналиева Сабина ІІ орын иеленді. Республикалык «Призы Султана Аграбы» конкурсына қатысқан "Армандастар" үлгілі би ұжымының кіші топ бишілері жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Осылайша мектеп оқушылары білім көкжиегін кеңейтіп, биік жетістіктерге жетуде.