Өз тәжірибелерімен бөлісті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Өз тәжірибелерімен бөлісті

Шымкент қаласының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Zoom Meetings платформасында ,, Білім берудің модульдік технологияларының басты теориялық қағидалары" тақырыбында колледж әдіскерлеріне және арнайы пән оқытушыларына вебинар жиын өткізілді. Мақсаты: Арнаулы орта оқу орындарының білім беру мазмұнын жаңарту аясында кәсіби құзіреттілігін көрсететін жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы үшін қолайлы білім беруді ұйымдастыру. Жеке тұлғаның қалыптасуына ұстаздардың қосар үлесі қомақты екені аян. Білім мен тәрбиені тамаша үйлестірген ұстаздар қауымының еңбегін оқушылары да әрдайым ақтап келеді. Оқуда озат болып, тәртіп мәселесінде де алдыңғы орында. Жастар арасындағы қылмыс атаулыдан ада... Вебинарда әдістемелік орталығының әдіскері А. Сулеймен ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы N 604 бұйрығы және модульдік оқыту әдістерінің тиімділігі бойынша түсіндірме жұмыстары айтылды. Қашықтан оқытудың тиімділігі мен ерекшеліктері туралы N6 колледж әдіскері А. Жуманова баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.