Жастар болашақтың тірегі болады деген сенім мол

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Жастар болашақтың тірегі болады деген сенім мол


Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің" оқушыларына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Парасаттылық департаменті директорының орынбасары Ғанижан Асанұлының адалдық тақырыбын Ұлы Абайдың шығармаларымен ұштастырып өткен "Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" тақырыбындағы "Адалдық сабағына" белсене қатысты. Қашықтықтан өткен сабақ білімгерлерге  керемет әсер қалдырды. Абай шығармаларын ұстын еткен ұрпақтың ұтылмайтынын бағамдады. Өлеңмен өрілген өнегелі даналық сөздерді қаперлеріне сақтап, өмірлік ұстаным ететіндіктерін айтты. Оқушылар www.yotube.com желісі арқылы сабақты тамашалап, өз ойларымен бөлісті, қазіргі қоғамда орын алып отырған оқиғаларға пікірлерін білдіріп, адал еңбектің қашанда жоғары тұратындығын және отбасылық құндылық, адамгершілік құндылықтарды жастар өмірінде маңыздылығы туралы құнды ойларын ортаға салды. Парасаттылыққа жетелейтін құнды өнегелі өсиетті бойларына сіңірген жастар болашақтың тірегі болады деген сенім мол.