Балалардың тәрбиешісі

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Балалардың тәрбиешісі
Қазақтың қай дәуірінде де қыздарды, әйелдерді жоғары бағалаған. Болашақ ана деп қызды төрге оздырған. «Олар-өмір-өмірдің сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі» деп қараған.  Бүгінгі қыз ертеңгі инабатты келін, болашақ апа, әже. Сондықтан да оң босағада отырғанда қыз баласын барынша ұлттың анасы болады деп тәрбиелеген. Ата- бабаларымыз қашанда ұрпақ тәрбиесін әйел- анаға жүктеген, әйелді құрмет тұтқан. Бүгінгі заман ғылым, білім, техника заманы. Сондықтан да қыз балаларымыз барлық салада алдыңғы шепте жүр. Үйренуден, үйретуден жалықпайды. Ерлердің ісі болып есептелетін салада әйелдер әлдеқашан ақ түрен салған. Бүгінде әйелдер араласпаған сал қалмады. Әйел көлікті де жүргізе алады, ұшақты да басқарады. Бүгінгі әйел билік басында еркекпен иық тірестіріп жұмыс атқаруда. Білімді әйел қиындыққа қарамай отбасын құрып, бала тәрбиелеп, билік басында отырып, қызмет те атқарып жүр. Гендерлік саясаттың арқасында қазақ әйелі биік жетістіктерге жетіп жүр. Қазақ дәстүрінде әйел адамның, қыз баланың қоғамдағы орны ең алдымен отбасындағы орнымен қадірлі саналған. Одан кейін, яғни әйел адам қоғам үшін болашақ ұрпақты жалғастырушы ана, жауапты қызметкер. Отбасы мен отанға деген қызметін қатар алып жүрген әйел аналарымыз қандай мақтауыңызға да лайық.

Жайна Дәулетбек, Шымкент қаласы