Ана - ошағының ұйытқысы-шаңырағының панасы
Бүгінде әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
Отбасы барлық кезде адами құндылықтар, ұрпақтардың мәдени және тарихи мұрасы сақталатын асыл ұя, қоғамның іргетасы саналып келеді. Жанұядан адамның өмірі басталады, осында ол азамат ретінде қалыптасады. Ендеше отбасы – бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал ететіндігін уақыттың өзі көрсетіп отыр. «Отбасы күнi» мерекесiнде жастарға үлгi болар отбасыларын дәрiптеп, жас отбасылар мен жарасымды ғұмыр кешiп, балалы-шағалы, немерелi-шөберелi болып отырған бақытты отбасылармен кездесу, дөңгелек үстел, байқаулар өткізу дәс.түрге айналып келеді. Іскер әйелдер қауымдастығының мұрындық болуымен жыл сайын жас және көп балалы аналарға, ғасыр жасаған ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсету үрдіске енген. Осылайша отбасының құндылықтары дәріптелуде. Сондықтан да қай уақытта болмасын отбасының құрылымына зор мән беріліп, оның іргетасының берік болуына атсалысу – әр отбасы мүшесінің міндеті. Әсіресе ата-ана мен балалардың арасындағы қарым-қатынас ғана емес отбасындағы бақ-берекеге байланысты қарым-қатынастар белгілейді. Ең бастысы жанұяда әкенің биік орны, ананың кемеңгерлігі айрықша рөл атқарады. Бұл жерде отбасының тірегі-ер-азаматтың, әкенің рөлі ерекше маңызды. Ал отбасының ажары -әйел ең алдымен аналық жүрек жылуымен жаратылысқа жан береді, ошағының ұйытқысы-шаңырағының панасы.
Ана - ошағының ұйытқысы-шаңырағының панасы
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode