Адалдықты мұра еткен

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Адалдықты мұра еткен

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №108 жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары және мұғалімдері қазақ тілінде "Балапан" және орыс тілінде "Ел Арна" телеканалдарынан "Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" тақырыбындағы жалпы республикалық бірыңғай адалдық сағатын тамашалады. Мектеп оқушылары You tube каналындағы сілтеме арқылы кіріп, адалдық сағатының бейне материалы бойынша өз пікірлерін білдірді. Ұлы ойшыл Абай атамыздың дана сөздері баршамыздың өмірімізде таптырмас дүние болуына сенім білдіреміз дейді оқушылар. Өнегелі өсиетті бойларына сіңірген оқушылар болашақта парасатты қоғам қалыптастыратыны сөзсіз. Қоғамның бір кірпіші болып қалану үшін рухани бай, адамгершілікті бойына сіңірген, мақсаты айқын болуы керектігін оқушылар түйсінеді. Ұлы ақынның шығармаларында тұнып тұрған даралықты, даналықты, құндылықтарды оның ішінде ұрпаққа ұран болар отбасылық құндылықтарды оқып үйренуде.