Рухани құндылықтар
"Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында Назарбаев зияткерлік мектебі мен N107 Ю. Сареми атындағы мектеп-лицей оқушыларымен өзара өткен қалалық дебат турнирінің жеңімпаздары - қазақ лигасы "Зият" командасы Назарбаев зияткерлік мектебі. Ағылшын лигасы "Future Leaders" командасы N107 Ю. Сареми атындағы мектеп-лицейі. ZOOM платформасында Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру" бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұшқыр ой алаңы" оқушылардың мәдени-білім беру жалпы ұлттық дебаттық қозғалысы жобасы аясында "Қазіргі әлемде адамдарға рухани құндылықтар жетіспейді деп есептейді" қарар тақырыбында қалалық дебат турнирі өтті. Оған №107 Ю.Сареми атындағы мектеп-лицейі (қазақ лигасы "Жалын", ағылшын лигасы "Future Leaders"командалары) мен химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектеп (қазақ лигасы"Зият", ағылшын лигасы "Стимул"командалары) оқушылары қатысты. Мақсаты: қала оқушыларының арасында мектептік дебаттық қозғалысты дамыту және насихаттау,қолдау, білім алушылардың шешендік сөз өнері дағдыларын және сендіру әдістерін, позитивті,сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру, өзекті мәселелерді көпшілік алдында талқылау және пікірталасты жүргізу мәдениетін дамыту болып табылады. Оқушылардың бойынша рухани құндылықтарды сіңіру, оның ішінде отбасылық құндылықтар, ұрпақтар сабақтастығы сынды құндылықтарды сіңіру басты талап болып отыр. Дебат турнирінің нәтижесінде қазақ лигасы бойынша Назарбаев зияткерлік мектебінің "Зият" командасы (бапкері Ибраева Алтынай Махатқызы), ағылшын лигасы бойынша N107 Ю. Сареми атындағы мектеп-лицейінің "Future Leaders" командасы (бапкері Назирова Назокат Рахимкуловна)жеңіске жетті."Үздік спикер" номинациясы дипломымен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қазақ лигасынан Кумакова Ақдидар ("Зият"командасы), ағылшын лигасынан Ақылбек Даяна ("Стимул"командасы), "Үздік ақпараттанушы" номинациясымен қазақ лигасынан Елшібек Алия ("Зият"командасы) бапкері Ибраева Алтынай Махатқызы, ал ағылшын лигасынан N107 Ю. Сареми атындағы мектеп-лицей оқушысы Иристаева Шахруза ("Future Leaders"командасы), "Үздік фракция" номинациясы дипломымен қазақ лигасынан Назарбаев зияткерлік мектебінің "Зият" командасы , ағылшын лигасынан N107 Ю. Сареми атындағы мектеп-лицейдің "Future Leaders" командасы марапатталды.
Рухани құндылықтар
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode