Қашықтықтан оқыту - жаңа белес, жаңа шың

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Қашықтықтан оқыту - жаңа белес, жаңа шың


Қазіргі таңда , әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болуды мақсат етіп қойдық. Өйткені әлем күн сайын жаңаруда, күнде тосыннан келетін жаңалықтарға, тосыннан болатын оқиғаларға бейімделу де асқан сабырлықты талап етеді. Еліміздегі мегаполистердің карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, қоғамдық шаралардың кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық. Ал, ең үлкен өзгеріс – мектептердің қашықтықтан оқытуға көшуі. Әрине, бұл оқушылар тұрмақ, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қиындықтар туғызғаны рас. Көкейдегі сауалдар да жетерлік. Дегенмен, іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасауды мұрат еткен педагогтер қауымы мен оқушылар да, олардың ата-аналары да білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екенін мойындады. Сондықтан білім беру саласына қай мемлекетте болмасын үлкен жүк артылғаны да ақиқат. Ал қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру бірқатар қиындықтарға әкеліп соққаны да жасырын емес. Десек те, қашықтықтан оқыту ерте ме, кеш пе бізге жететін еді. Өйткені бұл – заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың! Осы сәтте Шымкенттегі мектептірде ұстаздар білім мен қатар тәрбие жұмыстарын да қатар жүргізуде. бұл өз кезегінде жастар арасындағы қылмыстығ алдын алуға сеп болмақ. Орта мектептердегі 1-4 сыныптардағы атап айтатын болсақ, №49 жалпы білім беретін мектептің Daryn Online " платформасын пайдаланып,тапсырмаларды дұрыс орындаған үздік оқушымыз Аскербек Мөлдір Алимжанқызы 10 000 балл жинақтап нәтиже көрсетсе, 8-9 сынып оқушылары бұдан төрт есе балл жинақтап білім алып отырған мектеп мерейін көтеріп отыр. Сонымен қатар, аталған білім ордасының орыс тілі пәні мұғалімі «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының өткізген ұстаздар арасындағы олимпиадға қатысып, орыс тілі пәнінің мұғалімі Усманова Бақтыгул Егенбердіқызы Халықаралық олимпиададан І дәрежелі дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, аталмыш білім мекемесінің ұстаздар қауымы да қашықтықтан ұйымдастырылған түрлі Республикалық онлайн олимпиадаларға, атап айтқанда,"Daryn.online"білім беру платформасы, "Кемеңгер ұстаз", "Nio", "Ұстаз тілегі" Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысып, І, ІІ,ІІІ жүлделі орындарға иеленіп, Алғыс хатпен, Дипломдармен, Сертификаттармен марапатталды