«Жанға жылу» акциясы жалғасуда
Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын жалғастыруда. Аталған орталық еріктілері қайырымдылық барысында көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін үлестірді. Ұйымдастырушылар тарапынан басты қажеттіліктер ескеріліп, тұрмыста көп тұтынатын ұн, қант, ақ май, макарон, қарақұмық, шай және көкөніс өнімдері мен тәттілер таратылған. Айта кетейік, жыл басынан бастау алған «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында 600-ден астам отбасыға көмек көрсетілген. Жастар ресурстық орталығының мамандары мұқтаж отбасыларға қол ұшын беру – ұлттық болмысымызға тән, отбасылық құндылықтардан бастау алатын жанашырлық, мейірім сынды жарасымды үрдіс деп есептейді.
«Жанға жылу» акциясы жалғасуда
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode