Қолдауға ие болды
«Шымкент» медресе-колледжінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастылды. Игі шарада «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай қасиетті Рамазан айымен құттықтап, діни басқарма тарапынан қолға алынған шараның маңыздылығына айрықша тоқталды. Қайырымдылық қанымызға біткен қасиет екенін айтқан ұстаз «Әрдайым жақсылық жасауға ұмтылу ғасырлардан бері жалғасын тауып келе жатқан үрдіс. Ата-бабаларымыз әрдайым өзгелерге қамқор болуға үндеген. Бұл отбасылық құндылықтар арқылы ұрпақтар сабақтастығымен жалғасын тауып келеді» деді. Қайырымдылық шара барысында медресе-колледждің 71 ұстазы мен қызметкеріне және қаладағы көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 150 отбасыға азық-түлік заттары таратылды. Айта кетсек, аталмыш қайырымдылық шараға «Шымкент медресе» колледжі мен Қазақстандық «Қазақ Түрік» жастарды қолдау қоғамдық қоры тарапынан қаржылай қолдауға ие болды.
Қолдауға ие болды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode