Қайырымдылық – адам жанының нұры. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Қайырымдылық отбасылық құндылықтың қайнар бұлағы. Ғасырлардан ғасырларға жалғасын тауып келе жатқан үрдістің тіні үзілмей алдағы дәуірлерге барары сөзсіз. Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп интернатының 11б-сынып бітіруші түлектері қасиетті рамазан айында күнкөрісі төмен мұқтаж жандарға азық-түлік таратып, қайырымдылық көрсетті. Еліміздің әр жылғы мектеп бітіруші түлектері осылай игі іс-шаралар жасайды деген үміт басым. Өйткені ұлттық дәстүрлерді ұстын еткен ұрпақ әрдайым ата-бабалары құндылық деп тапқан дүниенің тінін үзген емес. Сондықтан да отбасында қайырым, мейірімге сусындап өскен бала өскен соң сол үрдісті жалғастырады. Мейірімге мелдектеген қайырлы іске мұқтаж отбасылар алғыстарын жаудырды.