Қашықтан онлайн форматта жиналыс өтті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Қашықтан онлайн форматта жиналыс өтті

 

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №52 мектеп-лицейінің басшысы Айнұр Жарылқасынқызының төрағалығымен 11-сынып оқушылары және ата-аналарына қашықтан онлайн форматта жиналыс өтті.
Қаралған мәселелер Ағымдағы жылдың 3 маусым күні болатын 2020 жылғы түлектердің соңғы қоңырау және аттестат тапсыру кешін өткізу туралы, Қорытынды аттестаттау туралы, ҰБТ, Жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі туралы, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, Психологиялық көмек мәселелері қаралды.  Мектеп-лицей директоры Айнұр Жарылқасынқызы аттестат тапсыру және соңғы қоңырау іс-шарасы 21-мамырда қалалық білім басқармасынан келген N10-06-03/2015/2 хаттағы талаптардың барлығы сақтала отырып өткізілетінін баяндады. Ата-аналарды және түлектерді санитарлық талаптарды орындап, қабылданған шараларды саналы түрде қабылдап, түсіністік танытуға шақырды. Өз кезегінде ата-аналар мен оқушыларда тәртіпке бағынатынын, талаптарды орындап, аттестат тапсыру және соңғы қоңырау іс-шарасын бірлескен түрде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жауапкершілікпен өтіуіне тілектес екендерін жеткізді. Ата-аналар тарапынан мектеп-лицей ұстаздарына алғыстар айтылды.