Еңбекқор шәкірттер тәрбиелегені үшін...
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданында орналасқан №129 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 "Г" сынып оқушысы Киргизова Мадина Республикалық интеллектуалды орталығы жариялаған байқауға қатысып "Мен суретшімін" номинациясымен бас жүлдені иеленді. Мадина сурет салғанда жаны сүйеді. Әрдайым тамаша табиғат көріністерін, отбасын, достарын ақ қағаз беттерінде бедерлегенді ұнатады. Халқымыздың ежелден келе жатқан салт дәстүрлерін, отбасылық құндылықты дәріптегенді ұнатады. Сонымен қатар, 7 Мамыр, 9 Мамыр мерекелеріне орай оқушылар арасында үздік бейнеролигін жариялағаны үшін Әмірсейт Мәди І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жастарды отансүйгіштікке, елінің патриоты болуға үндеген тамаша туынды көпшіліктің көңілінен шықты. Жетекшісі Самылтыров Мухаметкали Айтбекұлы шығармашыл, еңбекқор шәкірттер тәрбиелегені үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Еңбекқор шәкірттер тәрбиелегені үшін...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode