Шымкенттік жастар челлендж жолдады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Шымкенттік жастар челлендж жолдады

4 маусым - ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы «Көк тудың желбірегені» атты видео-challenge жолдады. Аталған орталық бұл челлендж арқылы ел тұрғындарының Отанымызға деген махаббатын көрсетіп, рәміздер мәртебесін тағы бір арттыруын қалайды. Челленджге қатысушылар қазақ эстрадасының әншісі Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, #көктудыңжелбірегені2020 хэштегі мен @resurstyq_ortalyq деп белгілеп, әлеуметтік желіге видео жүктеуі қажет. Мұндай шараларды көптеп өткізу  жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда, жат діннің жетегінде кетпеуіне көп ықпал жасайды деп санайды мектеп ұстаздары. Алдағы уақытта аталған челенджге Шымкент қаласындағы барлық жоғарғы оқу орындары, орта арнаулы оқу орындары, мектептер үн қосады деген сенім басым. Отансүйгіштік, патриоттық рухты көтеруге арналған шараға әзірден белсене қатысуға ниет етушілердің қарасы қалың.