Оқу – танымдық сабақ өткізілді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Оқу – танымдық сабақ өткізілді

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №97-ші жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы бүгінде оқушыларға білім мүйегін себуден бөлек, тәрбие мәселесін де назардын тыс қалдырып отырған жоқ.  Шымкент қаласындағы Әдістемелік орталығының 13.05.2020 жылғы №276 хаты негізінде "1 маусым - Балаларды қорғау күніне" арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Аталған жоспарға сәйкес 3"A" сынып , сынып жетекшісі Жалғасбаева Алима Бектілеуқызының жетекшілігімен "Дара тұлға" Ахмет Байтұрсынұлы оқу-танымдық анимация тақырыбында онлайн тәрбие сағатын өткізді. Мұндағы негізгі мақсат –  дара тұлғаның еңбектерін дәріптей отырып, оқушыларға білімді болмақ керек-ті, тәрибелі, білікті, саналы азамат болып қалыптасуға септесу болып табылады. А.Байтұрсыновтың қазақ қоғамының қалыптасуына сіңірген еңбегін дәріптей отырып, жат қылықтардан ада, қылмыс атаулыға қарсы ұрпақ тәрбиелеу. Осындай тәрбиелік мәні бар сабақтар арқылы жастар арасындағы қылмыстығ алдын алу болып отыр. Оқу –танымдық сабаққа оқушылар белсене қатысты. Алған әсерлері жайлы ой бөлісті.