Отбасы тірегі – тіл

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасы тірегі – тіл

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамның құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Отбасының негізгі міндеті – тәрбиелеушілік міндет. Сондай-ақ отбасылық құндылықты санасына сіңіретін алтын ұя. Баланы өмірге әкелгенмен, оны әлеуметтік-мәдени ортаның құндылықтарын қабылдаттыру, ата-бабаларымыздың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру- әке-шешенің ең маңызды міндеті. Ата – ана баланы туғанынан жүріп-тұруға, үлкендерді құрметтеп сыйлауға, өз міндеттерін таза атқаруға, еңбекті құрметтеуге, қоршаған табиғатты сүюге тәрбиелейді. Бұл қоғамның алдындағы әке-шешесінің абзал борышы. Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті. Бала жас кезінен көргенін істейді, сондықтан балаға үлгі болуға тырысқаны жөн. Бала әке-шешесінің перзенті, ұрпағы, қуанышы. Қазақ отбасында әке-шеше – жанұя ұстаздары болады. Бала ата-анасынан ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ана тілін ұлттық сананы сіңіреді. Отбасы тірегі – тіл. Тіл кез келген ұлттық мақтанышы, ұлттық белгісі. Тіл – халықтың тарихы, тіл ұлттың қазына, тіл – біздің намысымыз, байлығымыз. Тіл сөйлеу ғана емес, өмір сүрудің құралы. Әр ұлтты өркендететін, әр халықтың өзінің ана тілі, тарихы, мәдениеті бар. Ана тілі – өткен өмір, бүгінгі – шындық, ертеңгі – өрісті болашақ. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Жас ұрпақтың ана тілін құрметтеуі, дәріптеуі отбасы тәрбиесінен бастау алады.