Жақсы істер жалғасын таппақ

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Жақсы істер жалғасын таппақ

 

Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармаға қарасты Жастар ресурстық орталығы талай игі іске мұрындық болып келеді. Жастардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында түрлі үйірмелер жұмыс атқаруда. Бір жыл ішінде орталықтың мұрындық болуымен «Сергектен» су фестивалі, «Sóıle: сен тұр – мен айтайын» конференциясы, S-bike веломарафоны, «Жастық шақтың аспаны» батпырауықтар фестивалі, «BlogCamp: Жазғымектеп» Граффити конкурсы, стрит уорк-аут көше спортының сайысын өткізген болатын. Алдағы жоспар бойынша, әлі де 250 қызық жоба қолға алынбақ. Қазіргі таңда «Жастар ресурстық орталығы» ішінде қала жастарының уақыттарын тиімді өткізуге арналған 9 үйірме тегін қызмет атқарып жатыр. 14-29 жас аралығындағы қала жастары апталық кестеге сәйкес, Stаnd up клубы, Пікірсайысшылар, Кітап клубтары және SULU Models модельдік агентігі, сонымен қатар орыс тілі үйірмесі, шахмат, тоғызқұмалақ, ақындық өнер, актерлік шеберлік  және Q-pop би үйірмелері мен қатар «Бала асырап алушылар» мектебінің тренинг сабақтары, Волонтёр ұйымдарына қатыса алады. Жастар үшін бұл өте тиімді болып отыр. Өйткені қалада тегін үйірмелер жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан да жастар мұнда өзі үшін аса қажет дүниені тегін үйренуіне мүмкіндік мол. Бұл өз кезегінде жастарға жұмыссыз сандалып жүргеннен, қылмыс атаулыдан бас тартуына себепші болатыны сөзсіз.