Қайырлы істе қайыр бар

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Қайырлы істе қайыр бар

Бүгін Шымкентте «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында "Nur Otan" партиясының белсенді мүшелерінің демеушілігімен қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл акция Қасиетті Рамазан айындағы Ораза айт мерекесі қарсаңында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында өткізіліп отыр. Шара аясында Шымкенттегі 1000-ға жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетілді. Көмек аудан әкімдіктері тарапынан жасақталған аз қамтылған отбасылар тізімі бойынша берілуде. Ол тізімде көпбалалы аналар, мүгедек жандар, жалғыз басты зейнеткерлер бар. Оларға көмекті "Nur Оtan" партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен жеткізуде. Жастар қайырлы іске белсене атсалысуда. Еріктілер де ерен еңбектерімен көрініп жүр. Қайырымдылық ата-баба қанымен дарыған қайырлы іс, сондықтан да барша ел болып, игі іске атсалысты. Жастар өз кезегінде қылмыс атаулыдан аулақ жүріп, осындай шараларға қатысқандарын дұрыс санайды.