Қоғамдық қызмет
Әйел — отбасының ұйытқысы деп бекер айтылмаған. Өйткені оның отбасына қамқорлығы, өз жанұясындағы әрбір жанның жайлылығын жасауы отбасы үшін аса маңызды. Отбасындағы әйел адамның орны қаншалықты маңызды болса, қоғамда да соншалықты маңызды. Осы орайда демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті нығайтуда Қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында. Сонымен қатар олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. 2000 жылы БҰҰ мыңжылдық декларациясын қабылданды. Аталған құжаттың басты мақсаттардың бірі — гендерлік теңдікті қолдау. Ал 2003 жылы «Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы» қабылданған болатын. Тұжырымдама Қазақстандағы гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттарын, басымдықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi. Ал «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы қабылдады. Гендерлiк саясат – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда барлық педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы әйелдер. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы әйелдердің үлесінде. Мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі көп жағдайда олардың кәсібилігінің арқасында жұмыс істеп тұр. Осыдан-ақ әйел азаматшалардың қоғамдағы ролін бағамдай беруге болады.
Қоғамдық қызмет
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode