Тәрбиенің алар орны ерек

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Тәрбиенің алар орны ерек

 

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №46 мектептің 5-7 сыныптың жетекшілері "Құндылықтарға негізделген білім беру" жобасы аясында "Адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп" тақырыбына отбасылық тəрбие сағатын өткізді. Мақсаты: тəрбиеленушілердің достық, бауырмалдық қарым- қатынасын нығайту. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, апа қарындасқа деген құрмет, бауырларын сыйлау сынды қарапайым тәрбиелік мәні бар қағидаттар әңгіме өзегіне айналды. Санасы солқылдақ жас өскіндерге бала жасынан берілген тәрбие тәрбиенің үлкені. Ой санасы пәк бала не үйретсең де қағып алады. Сондықтан да мектеп мұғалімдері болашақ азаматтарды қазірден бастап ізгі қасиеттерге баулуда.