Отбасының алтын қазығы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

 

Отбасының алтын қазығы

 

 

Елімізде гендерлік теңдік стратегиясында мемлекеттік басқару органдар арасындағы әйелдер өкілеттілігін 30 пайызға дейін көтеру міндеті қойылған. Осыдан он жыл бұрын ол көрсеткіш 10 пайыз көлемінде ғана болған. Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы-мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Бұған қоса Қазақстан Республикасы Президенті жанындығы Отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді.Ұлттық гендерлік саясат – еліміздегі демократиялық үдерістің ең маңызды құрамдас бөлігі. Саясаттың бір басымдығы болып келеді. Стратегия мемлекеттің гендерлік саясатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі құжат, ол мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан мониторинг жүргізуді жүзеге асырудың құралы және демократия құрудың маңызды факторы болып табылады. Стратегия билік құрылымдарындағы әйелдер мен ерлерді теңдестіруді қарастырады. Оларға экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бойынша өсу, білім беру саласына гендерлік білімді енгізу, өмір сапасын арттыру және тұрғындардың ұдайы өсімін қамтамасыз ету үшін жасөспірімдер мен әйелдердің, ерлердің репродуктивтік денсаулығын нығайту мен сақтау, жынысына қарай зорлық-зомбылық көрсетпей, отбасындағы міндеттер мен құқықтарды тең дәрежеде жүзеге асыру үшін жағдай жасау жатады.