Дұрыс жолға бағыттау өмір заңы
«Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз айтқандай «Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, апаты». Халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның өсіп, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп туған күннен бастап тәрбиенің негізін қалаған халық ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәбидің жүріп, сөйлей бастағанынан әдепке, мәдениетке баулу, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу отбасынан басталар мақсатты халықтық педагогикалық заңдылығы. Балаға үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жолға бағыттау өмір заңы. Бала өсе келе көп нәрсеге үйренеді, халқының, ұлтының кім екенін айқын түсіне бастайды,отаншылдық сезімі арта түседі. Кіндік қаны тамып, туып өскен мекенін, табаны тиіп тұрған топырағын аялауға бастайды. Қазақ жері – қазақ даласы! Қандай керемет, қандай шуақты ұғым! Жаныңа жүрегіңнен де жақын, ыстық... Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиеле, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу отбасынан басталады. Отбасылық құндылықтарды дәріптей берілген тәрбие тәрбиенің бастауы. Қазақ халқы балаға тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрып дәстүрлерін жинақтады. Әділдік, адалдық, имандылық, адамшылдық, байырмалдық, шыдамдылық, парасаттылық, қамқорлық, кеңпейілділік т.б. адамның рухани-моральдық нормаларын бала жанына сіңіре білді. Домбыраның, қобыздың, сазсырнайдың сиқырлы да сазды үнімен, айтыс, терме өнері, ән әуендері, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, аңыз-әңгімелермен тәрбиелей білген.
Дұрыс жолға бағыттау өмір заңы
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode