Жастарға берілген мүмкіндік
Еліміздің барлық аймақтарында Жастар ресурстық орталықтары қызмет етіп жатыр. Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармаға қарасты Жастар ресурстық табысты жұмыс атқаруда. Жастар орталығы – жастарға берілген мүмкіндік. Өзін дамытам, үйренем, жетістікке жетем деген жастарға қол үшін беру және бағыт бағдар көрсету. Білім саласында жас мамандарды ауылға тартуды көздейтін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, шетелде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясы жүзеге асырылып келеді. «Серпін» бағдарламасының мақсаты – еліміздің оңтүстігіндегі жастарды кадр тапшылығын көріп отырған солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл, бір жағынан, жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға, жұмыссыздықтың азаюына да септігін тигізеді. Әр қалада немесе аудандарда мұндай орталықтардың болғаны өте тиімді деп ойлаймын. Өйткені ондай орталықтар ортақ қызығушылықтары бар жастардың шоғырланып, жаңа идеялардың туындап, түрлі қоғамға, жастарға пайдалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үлкен алаң деп атауға болады. Орталықта жастарға өздеріне қажет барлық қызмет түрін оңай әрі ақысыз алу қарастырылған. Қазіргі таңда жастарға заманауи орталықтар қажет секілді. Атап айтқанда, шектеусіз интернет желісіне қосылған IT-кабинеттер, түрлі үйірмелерге арналған арнайы жабдықталған кабинеттер, олардың қажеттіліктерін біліп отыратын арнайы сайт жұмыс атқарса, жұмыстың тиімділігі қазіргіден бірнеше есеге артпақ.
Жастарға берілген мүмкіндік
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode