Тәрбие бар жерде тәртіп бар

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Тәрбие бар жерде тәртіп бар

 

 Бүгінде Шымкент қаласында жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Деректерге назар аударсақ, кәмелетке толмағандармен орын алатын қала аумағындағы қылмыстардың басым көпшілігі ұрлық-қарлық екен. Жасөспірімдер арасындағы көңілге кірбің түсіретін қылмыстық оқиғаларды қайтсек азайтамыз? Қауіпті дертпен қалай күресеміз? Шымкент қаласының тұрғыны, психолог Бақытгүл Қалыбайқызы қоғамды алаңдатқан жасөсіпірімдер тәрбиесі төңірегінде төмендегідей пікірін білдірді.
«Біз жасөспірімдердің өтпелі кезең жасындағы мінез-құлқына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Өйткені, бұл ауыспалы кезеңде бой жетіп немесе ер жеткен жасөспірімдердің өмірге деген көзқарасы да өзгеріске ұшырап жатады. Соның әсерінен жеткіншектер қылмыстық әрекеттерге немесе теріс діни ағымдардың жетегіне ілесуі ғажап емес. Бүгінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды алдын алып, олардың тәртібін қадағалау мақсатында түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Мамандардың ұйымдастыруымен мектептерде құқық саласының мамандары, заңгерлер, ата-аналармен бірігіп тұрақты жиындар өткізіп тұрады. Мұндай іс-шаралардың пайдасы өте мол. Осындай жұмыстардың нәтижесінде соңғы әлетте мектептерде жасөсіпірімдер арасында тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ» дейді психолог.