Қоғам болып атсалысу қажет
Шымкент қалалық білім бөлімі, Жалпы орта білім беру және тәрбие жұмысын дамыту секторының мамандарының айтуынша, бүгінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда қала мектептерінде нақты іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Әсіресе, білім шаңырақтарына орнатылған бейнекамералардың тиімділігі өз нәтижесін беруде. Қылмыстың санын азайтуда мектептердегі бейнекамералар үлкен көмегін тигізіп отыр. Қазір қаладағы 172 мектепте 6-дан 14-ке дейін бейнекамералар орнатылған. Ол камералар оқушылар жиі шоғырланатын жерге, кіребестерге қойылған. Бейнебақылауды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен инспектор арнайы бақылап отырады. Бұл қондырғылар орнатылғалы бері қылмыс саны азайып, тиісінше тәртіп бұзу оқиғалары төмендепті. Білім бөлімі өкілінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда қала әкімдігі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірігіп, түнгі уақытта қаланы аралап тұрақты рейдке шығады. Нәтижесінде көшеде жүрген жеткіншектерден жауап алынады, ата-аналарын да шақыртады. Біз бұл орайда орын алған кемшіліктер бойынша педкеңесте талқылап, жедел шаралар қабылдаймыз. Жалпы, жас жеткіншектердің тәрбиесіне ата-ана мен мектеп мұғалімдері ғана жауапты емес. Бұған қоғам болып атсалысуымыз қажет», – дейді мамандар. Алда жазғы демалыс уақытында да жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, құқықбұзушылыққа жол бермеу мәселелері басты назарда болады.
Қоғам болып атсалысу қажет
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode