Ұлттық рухта тәрбиелеу керек
Халықтық педагогикасынан нәр алып, ата-баба өсиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрлерді біліп, халық қамын ойлайтын, тілін, дінін терең біліп, өз ұлтын, өзге ұлтты сыйлай білетін білімді етіп тәрбиелеу қажет. Бұл ата-ананың басты мақсаты. Ұлттық тәлім-тәрбиеде тәрбиеленген, ата-дәстүрімізді, ұлттық тіліміз бен дінімізді сақтайтын, рухани құндылықтарды құрметтейтін, отбасылық құндылықты әспеттейтін, ұлттық рухын ұстайтындай ұрпақ - әр отбасының мақтанышы. Мектептерде бұл халық педагогика тағылымын танытатын оқулықтары молынан енгізілуі жөн. Сондықтан балаларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу – басты талап. Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі…”(Әл-Фараби) – дегендей балаға әуелі білімнен бұрын, тәрбие берілуі тиіс.Бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда «Алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға, сіз балаңыздың 1,5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іштен тәрбиелеу керек» деген еврей халқының мысалын келтіріп жатамыз. Бала тәрбиесі – қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Мектепте де баланы ұлттық рухта, патриоттық сезімі жоғары етіп тәрбиелеу қажет. Сонда ұтарымыз көп. Ол үшін отбасында алған тәрбиесіне байланысты. Осы тарапта бүгінде мектептерде, бала бақшада тәрбие мәселесіне басымдық берілуде.
Ұлттық рухта тәрбиелеу керек
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode