Парасатты қоғам идеологиясы негізінде...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Парасатты қоғам идеологиясы негізінде...

Шымкент қаласы Білім басқармасы Дарын орталығының директоры Раушан Жеренова жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылармен интернет-конференция өткізді. Онлайн өткізілген бұл іс-шараға «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлы қатысып, оқушыларға адалдық пен айқындылық болатынын, ата баба дәстүрінен бастау алған отбасы құндылықтарын бойға дарытқан жас өрендер адал қоғам құруға атсалысатынын, парасатты қоғам идеологиясы негізінде ашықтыққа шақырып, олимпиада барысында әділдік болатынын айтып өтті. Шымкент қаласынан жалпы пәндер бойынша аталған республикалық олимпиадаға жаратылыстану-математика бағыты бойынша 37, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 31 оқушы қатысады. Интернет-конференция барысында Дарын орталығының директоры Раушан Омарханқызы оқушыларды толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарға жауап беріп, олардың бойына жігер сыйлады. Одан бөлек, дарынды балаларға арналған Білім инновациялық лицейі мұғалімдері өздерінің олимпиадаға дайындау тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушыларды қолдау мақсатында интернет-конференциялар өткізіледі.