Экскурсия ұйымдастырылады
Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және болдырмау тәртіп сақшыларының басты міндеттерінің біріне айналған. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі уақытта компьютерлік клубтарда отыруға және көшеде ата-анасыз жүрудің қауіптілігі қаншалықты ескертіліп жатыр. Ол үшін жыл сайын "Жасөспірім" жедел-алдын алу іс-шарасы жоспарланып, өткізіледі. Заңға қайшы әрекеттер жасап, тәртіпке бағынбаған жасөспірімдер қолға түскен жағдайда полиция бөлімшесіне жеткізілгеннен соң, ата-аналарының және психолог мамандардың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Профилактикалық іс-шара аясында жергілікті полиция қызметінің тәжірибелі полицейлері мұндай түнгі уақыттағы рейдтік жұмыстар күн тәртібінен түспейтіндігін, сондықтан ата-аналарға мүмкіндігінше балаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күнделікті түнгі уақытта жүрмеуін қадағалап тұруды ескертеді.
Оған қоса полицейлер жасөспірімдерге заңды бұзған тұлғаға қатысты жазалардың, темір торға тоғытылған қылмыскердің өмірі, зардабы туралы түсіндіру мақсатында профилактикалық экскурсия ұйымдастырады. Мұндағы басқаша өмірді өз көздерімен көрген жасөспірімдеп құқықбұзушылықтардан бас тартады. Өз еркімен шалыс қадамға бармауға серт береді. Мұндай шаралар Шымкент қаласында алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Басты мақсат жасөспірімдердің теріс қылықтардан сақтандыру.
Экскурсия ұйымдастырылады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode