Мәселе күн тәртібінде тұр

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Мәселе күн тәртібінде тұр

Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұ­мысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар каникулға шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құ­қықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күн тәртібінде тұр. Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау ор­ган­дарының ғана емес, ата-ананың, мектептің, басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадаға­лауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қа­лып­тасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көрген өне­гелері ерекше орын алады. Ал са­­бақтан тыс уақыттарда, каникул кез­­дерінде демалыс маусымдарының дұрыс ұйымдас­тырылмауы, көше­дегі келеңсіз оқи­ға­­лар­дың көптігі мем­лекеттік және үкі­­меттік емес ұйым­­дардың қызметіне сын. Егер ел­­де­гі әртүрлі ұйымдар сабақ­тан қолы бо­саған оқушыларға арнап спорт­тық кешендер ашып, жарыстар өткі­зіп тұрса, жас жеткіншектердің шы­ғармашылық қабілетін бағалайтын үйірмелер ұйымдастырса, жас балалар­дың жаман іске үйір болуына, тіпті мойын бұруына, мұршасы болмас еді. Бүгінде Шымкент қаласындағы барлық мектептерде психологтардың жұмыс жүктемесі артқан. Мектептегі тәрбие мәселесінен бөлек, әр баланың мінез құлқын зерттеп, мінездеме жасап, жаман қылыққа бой алдырмауының алдын алу үшін жұмыс жоспарын түзеді. Соның арқасында бүгінде жастар арасындағы құқықбұзушылық деректері азайып келеді.