Күшейтілген режимде жұмыс атқарады
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін көптеген шаралар қолға алынуда. Ішкі істер министрлігі 2007 жылдан бастап орта білім беретін оқу ордаларының жанынан оқушылардың тәртібін қадағалайтын мектеп инспекторлары тобын құрғаны белгілі. Бұл мектеп инспекторлары қазіргі таңда қалалық немесе аудандық Ішкі істер басқармаларының әкімшілік полиция бөліміндегі ювеналды полиция бөлімшелеріне қарайды. Бүгінде Шымкент қаласындағы 172 мектепте арнайы инспекторлар бекітілген. Олар мектептегі жасөспірімдердің тәртібін қадағалап, қылмыстың алдын алуда табысты жұмыс атқаруда. Жоспарлы түрде «Жасөспірім, «Каникул», «Мектеп» атты шұғыл алдын алу шаралары ұйымдастырылады. Әсіресе, каникул кездерінде күшейтілген режимде жұмыс атқарады. Сонымен қатар түнгі рейдтер жасайды. Рейд кезінде көшеде бейсауат жүріп, инспекторлардың назарына іліккен балаларды ата-аналарына апарып тапсырып, олармен балаларының тәртібіне қатысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Ал ұсталған балалардың ата-анасы бірден анықталмай жатса, оларды кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтарына жеткізіп, сонда орналастырылады. Ол жақтағылар балаға қатысты мәліметтерді анықтап, оны қайтадан әке-шешесінің қолына өткізеді. Жұмыс мұнымен ғана шектелмейді. Бала тұратын аймақтағы жергілікті әкімшілікке, білім басқармасына, ІІБ-на баланың заңды өкілсіз жүргендігі жөнінде хат жолданады. Мұның барлығы да жастардың теріс қылыққа бой алдырмауының алдын алу үшін атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана.
Күшейтілген режимде жұмыс атқарады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode