Биіктерден көрініп жүр
Маханбет Айым тынбай жасаған дайындығым мен ынта-жігерімнің арқасында арманыма қол жеткіздім дейді. Олай деуге себеп те бар. Өйткені оқушы 4 бірдей халықаралық дәрежедегі оқу орнынан шақырту алған. Өміріндегі ең маңызды қадамы сәтті басталған Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 "В" сынып оқушысы Маханбет Айым Испанияның Альбасете қаласындағы University of Castilla-la-Mancha оқу орны, Италияның Пиза қаласындағы University of Pisa ,Түркияның Стамбул қаласындағы Kadir Has University атты оқу орны мен Ұлыбританияның Kings College атты жоғарғы оқу орындарында студенті атануға мүмкіндікке қол жеткізіп отыр. Экономика, шет тілдері мен әдебиеті мамандықтарын таңдаған оқушы өз діттегеніне жету үшін бірнеше сынақ тапсырған. IELTS сертификатынан бөлек, ағылшын, математика және критикалық ойлау пәндерінен тестілеуден өткен. Өзге шет тілдерін игеруге деген қызығушылығы да емтихандардан сүрінбей өтуіне септігін тигізіпті. Бұл жетістігіме Айым ата-анамның, ұстаздарымның демеуі арқасында жеттім дейді. Жарқын болашағын бүгіннен жоспарлап, сапалы білім алуды Айым Ұлыбританияның Kings College –мен байланыстырып қойыпты. Яғни таңдауы әлемнің үздік 50 оқу орындарының тізімінде 32-болып тұрған шетелдік білім ордасына түскен. Ол нағыз маман болып шығу үшін бұл қадамының дұрыс екеніне сенімді. Жалпы Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білімнің қайнар бұлағынан қанып ішкен, озат та үлгілі оқушыларының көптігімен мақтанады. Тек қана Айым ғана емес, оның ізін жалғаған озат оқушылары жетерлік. Мектеп ұстаздары оқушыларға тек білім нәрімен ғана сусындатпай тәрбие мәселесіне де көп мән береді. Түрлі ашық сабақтар, тәрбие сағаттары өткізіліп тұрады жоспар бойынша. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізеді. Соның нәтижесінде мектеп оқушылар тек жақсы жағынан биіктерден көрініп жүр.
Биіктерден көрініп жүр
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode