Еліміздің абыройын аспандататынына кәміл сенімді
«Экономика саласын жетік меңгергім келеді. Ал ол үшін мүмкіндік мол. Бастысы мектеп қабырғасында терең білім алып, алғашқы қадамдарды жасау керек». Осылай деген Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Құралбай Аида Испанияның Кастилья ─ Ла-Манча университетінен шақырту алды. Бизнес және менеджмент мамандығын таңдаған болашақ студент алдымен екі түрлі сынақтан өткен. Алдымен ағылшын тілін меңгеру дәрежесін айғақтайтын халықаралық IELTS емтиханын тапсырып, онлайн сұхбатқа қатысқан. Математика пәнін сүйіп оқитын оқушы Еуропа елдеріндегі экономика саласы бойынша жоғары дәрежелі оқу ордасында білім алуды армандапты. «Мен өмір мүмкіндіктерге толы деп білемін. Тек қабілет-қарымыңа сай келетін жолдарды таңда. Тынбай ізденісім мен мұғалімдердің берген білімін барынша бойыма сіңіруге тырыстым»,- дейді Аида өз сөзінде. Литвадағы LCC International University /қаржыгер мамандығы бойынша/ және Латвия еліндегі NTERNATIONAL BALTIC ACADEMY оқу орнынан қуанышқы хабар жетіпті. Шетелдік оқу орнының өкілдері қазақстандық оқушының өз елдерінде студент атануына құқы бар. Айтулы мектепте білім алып жатқан оқушыларға ұстаздары білім мен қатар тәрбиеге қатысты да көптеген қосымша сабақтар өткізеді. Әке ұлағаты, әже тәрбиесі жалпы отбасы құндылықтарын дәріптейтін құнды сабақтар өткізеді. Мектеп тәлімгерлері шетелге оқуға барғанда ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, еліміздің абыройын аспандататынына ұстаздары кәміл сенімді.
Еліміздің абыройын аспандататынына кәміл сенімді
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode