Түрлі іс шаралар өткізіліп тұрады
Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін де түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Рейдтік іс-шаралар барысында ішкілікке салынған адамдардың да үйлеріне барып тексеру жұмыстары жүргізіледі. Өйткені олардың балалары болуы мүмкін. Қылмысқа бейім жеткіншектер көбінесе әке-шешесі ішкілікке салынған жанұялардан шығып жатады. Шымкенттегі Әл Фараби ауданы ойын-сауық орталықтары өте көп шоғырланған аудан болып табылады. Жастар жиналатын жерлер көп. Мегаорталық, Шымкент плаза, стадион, көптеген саябақтар осы ауданға қарағандықтан, ол жерлерде орын алған қылмыстық оқиғаларға аудандық ішкі істер басқармасына қарасты. Аталған ауданда жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу бойынша түрлі іс шаралар өткізіліп тұрады. Шұғыл алдын алу шаралары бойынша түрлі тақырыптарда жоспарланған жұмыстар атқарылады. Оқушылар арасында есірткі таралымын болдырмас үшін, барлық мектептерде тексеру жұмыстары жүргізіледі. Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, оқушылар арасында есірткі заттарын тұтынатындар мүлдем жоқ екені анықталды.
Түрлі іс шаралар өткізіліп тұрады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode