Басымдық берілмек
Әр қалада немесе аудандарда Жастар ресурстық орталықтардың болғаны өте тиімді деп ойлаймын. Өйткені ондай орталықтар ортақ қызығушылықтары бар жастардың шоғырланып, жаңа идеялардың туындап, түрлі қоғамға, жастарға пайдалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үлкен алаң деп атауға болады. Орталықта жастарға өздеріне қажет барлық қызмет түрін оңай әрі ақысыз алу қарастырылған. Қазіргі таңда жастарға заманауи орталықтар қажет секілді. Атап айтқанда, шектеусіз интернет желісіне қосылған IT-кабинеттер, түрлі үйірмелерге арналған арнайы жабдықталған кабинеттер, олардың қажеттіліктерін біліп отыратын арнайы сайт жұмыс атқарса, жұмыстың тиімділігі қазіргіден бірнеше есеге артпақ. Осыған орай бүгінде Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы түрлі жобалар дайындауда. Жастарға аса қажетті жобаларға басымдық берілетін болады.
Басымдық берілмек
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode