Тосқауыл қоя аламыз
Жасөсіпірімдер арасындағы қылмыс қоғамымызда өте өзекті мәселе болып отырғаны анық. Жергілікті атқарушы билік пен ішкі істер органдарының біріккен алдын алу шараларының арқасында қазіргі таңда бұл қауіпке тосқауыл қойылуда. Жыл басынан бері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Шымкент қалалық ішкі істер департаменті және оның қала, аудандардағы құрылымдарымен мақсатты 8 жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 19,7 пайызға төмендеген. Ювеналды полиция басқармасы мамандарының айтуынша, жыл басынан бері Шымкент қаласының мектептеріндегі жоғары сынып оқушыларымен төменгі сынып оқушыларына әлімжеттік жасау және ақша жинау фактілері орын алмаған. «Баланы жастан...» деген тағылымды сөз қалдырған ата-бабаларымыз бұрын иманнан безген, өз ортасында бүлік шығарғандарды тоқтау салып, тентегін тезге салып отырған. Ұлттық тәрбиенің тінін жоғалтпасақ қана жастар арасындағы қылмысқа тосқауыл қоя аламыз.
Тосқауыл қоя аламыз
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode