Есеп беру жиыны өтті
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты В.Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектеп басшысы Ширтаева Найла Рапихақызы 2019-2020 оқу жылындағы мектептің оқу-тәрбие саласы бойынша атқарылған жылдық есеп беру жиналысы ZOOM платформасы арқылы онлайн өтілді.
Мектеп оқушыларының ата-аналары мен қамқоршылық кеңесі мүшелерінің алдында білім беру ұйымының қызметі туралы білім беру қызметін ұсыну сапасы, өткізілген іс-шаралар, ата-аналармен өткізілген жиналыстар, педагог қызметкерлердің сандық сапалық құрамы, білім алушылардың пәндік олимпиадаға қатысуы, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық және демеушілер тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмектер туралы айтылды.
Демеушілердің материалдық көмектері, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар және оқулықтар туралы айтылып өтілді сонымен қатар жаңа оқу жылына арналған жоспарлармен таныстырылды.
Қамқоршылық кеңес мүшелері және ата-аналар мектептің атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп жаңа оқу жылында мектеп қабырғасында қауышқысы келетіндерін жеткізді
Есеп беру жиыны өтті
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode