Жазғы мектеп жалғасуда
Зияткерлік мектептерде оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру шаралары басталып кетті. Жыл сайын оқу жылы аяқталысымен дәстүрлі түрде оқушыларды қабылдайтын жазғы мектеп бұл жолы онлайн түрде өтілуде. Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбев Зияткерлік мектебінің 7-11 сынып оқушылары түгелге жуық қамтылды. Жазғы уақытта балалардың уақытын қызықты әрі тиімді пайдалануға, ғылыми зерттеулер мен қызықты тәжірибелер жүргізуге мүмкіндік беретін бұл сабақтар 7 күнтізбелік күнге созылады. Осы уақыт ішінде балалар 52 мұғалімнен (оның 9-ы шетелдік) тәлім алуда. «Бұл өз кезегінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға мол мүмкіндік туғызады. Оның үстіне жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға да оң септігін тиігзеді» дейді ұстаздар. Оқушылар үш бағытта: шет тілімен кіріктірілген ғылыми-жаратылыстану пәндері, PISA, IELTS сынды халықаралық сынақтар бойынша білімдерін жетілдіреді.
Жазғы мектеп жалғасуда
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode