Ұстаздардың еңбегі ерен
Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні, сағат 14:00 де Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №52 мектеп-лицейінің басшысы А .Бимырзаева қамқоршылық кеңес мүшелері мен ата-аналардың қатысуымен онлайн форматта есеп беру жиналысы өтті. Жиналысты қамқоршылық кеңестің төрағасы Айжан Оразқызы жүргізді. Мектеп-лицей директоры А. Бимырзаева 2019-2020 оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтап, жыл бойы атқарылған жұмыстарға рет-ретімен тоқталып өтті.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Оқу жылының lV тоқсанын қашықтан оқыту арқылы жүргізілгенін осы тұста ұстаздардың ерен еңбектеріне тоқталып, оқушылардың қашықтан оқытуға тез бейімделгенін атап өтіп, балаларына және ұстаздарға үнемі қолдау білдіріп отырған барша ата-аналарға алғысын білдірді. Есеп беру барысында жыл бойы білім, спорт, өнер саласында республикалық, қалалық олимпиадаларда жеткен жетістіктерге тоқталып, жетістігі бар түлегіміз Қарабай Абайдың қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызының онлайн ұйымдастырған "Соңғы қоңырау" іс-шарасына қатысып, өз-ойын білдіргеніне тоқталып өтті. 2019-2020 жылы қалалық білім басқармасының квотасымен "Балдаурен", "Балдаурен Қапшағай", "Балдаурен Шымкент" республикалық дарынды балаларға арналған оқу-сауықтыру орталығында мектеп-лицейіміздің бірнеше дарынды балаларының демалып қайтқанына тоқталды. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның талаптарын қатаң орындалуы және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, демеушілер тарапынан көрсетілген көмектерге, мектебімізде ұйымдастырылған қайырымдылық акцияларын атап өтті. Үйде оқытылатын оқушылардың жағдайымен танысып, үнемі байланыста екендігіне дәлелдер келтірді. 2020 жылғы "Алтын белгі", "Үздік аттестат" иегерлерімен және түлектердің ата-аналарымен қашықтықтан өткізілген жиналыста қоғамда орын алып жатқан жағдайға түсіністікпен қарап, талаптарды орындауға шақырғандығын баяндады. Ата-аналарға алдағы жаз айларында оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтауын, жасөспірімдерді еш назардан тыс қалдырмауын ескертіп, балаларының демалысты қызықты өткізуіне тілектес екендігін білдірді. Ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері жыл бойы атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, мектеп-лицей ұжымының жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ұстаздардың еңбегі ерен
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode