Үйірмеге үйірілер
Шымкенттегі кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия және басқа да уәкілетті органдар жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында арнайы іс -шаралар өткізуде асығы алшы. Ювеналды полиция мен мектеп әкімшілігі бұл тарапта жас жеткіншектердің түрлі теріс қылықтардан аулақ болуы үшін және теріс пиғылдылардан қалай сақтану жолдары жайлы түрлі онлайн шаралар өткізуде. Шымкент қаласының әкімшілік полиция басқармасы мен білім басқармасына осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, жайсыз отбасыларды анықтау сынды алдын алу жұмыстарын жандандыру жұмыстарымен айналысуда. Бұл тарапта атқарылып жатқан жұмыстары ауқымды. Алда жазғы демалыс маусымында карантин шаралары біткен жағдайда оқушылар сарайы сынды ұйымдар өз жұмыстарын бастайды. Онда жас өскіндер өздерінің сүйікті үйірмелеріне баруға мүмкіндік тумақ. Балалар бос уақытын танымдық, тағылымдық үйірмелерде өткізетін болады.
Үйірмеге үйірілер
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode