Кәсіпкер ханымдарға көрсетілер көмек көп
Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасы аясында әйелдерге 56 бағыт бойынша қолдау көрсетіліп келеді. Оған 21-58 жас аралығындағы әйелдермен қатар 21-29 жас аралығындағы жастар да қатысып, 5 млн теңгеге дейінгі несие алуда. Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды саралап отырады. Комиссия мүшелері, қалалық әкімдікке қарасты бірқатар басқармалардың басшылары әйел кәсіпкерлерге барынша көмек көрсетуде. Әйелдердің кəсіпкерлікті бастауына қолдау, жұмыспен қамту, өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға көмек көрсету бағытындағы жұмыстардың барысы саралануда. Биылғы жылы да кәсіпкер ханымдарға көрсетілер көмек көп болғалы тұр. Бизнестің биігін бағындырар ханымдар қатары артып келеді.
Кәсіпкер ханымдарға көрсетілер көмек көп
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode