Өз ойларын жеткізді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Өз ойларын жеткізді

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі қашықтықтан жұмыс жасай отырып, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтың 2020 жылғы 21 ақпанындағы √ 25 хаттамасындағы 1.2.3 " Әкімдерінің халық алдындағы есептеріне ұқсас жарты жылдық негізде мектеп директорларының оқушылардың ата-аналары алдындағы есептілігін енгізу қамтамасыз етілсін" деген тапсырманың орындалуы бойынша білім басқармасы тарапынан жалпы орта білім беретін мектеп директорларының 2019-2020 оқу жылының соңында (26.05-30.05.2020 жылы аралығында) білім мекемесіндегі оқу- тәрбие процесі туралы атқарылған жұмыстар бойынша білім алушылардың ата-аналарына есеп беру кестесінің бекітілгені туралы қалалық білім басқармасының 15.04.2020ж. күнгі √10-05-43/1364/1 хатын негізге ала отырып мектеп директоры Шокибасов Айдарбек Шәуешұлы басқарған мектеп әкімшілігімен бірге ZOOM платформасы арқылы онлайн түрде 2019-2020 оқу жылындағы оқу-тәрбие саласы бойынша атқарылған жылдық есеп беру туралы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп оқушыларының ата-аналары мен қамқоршылық кеңесі мүшелерінің алдында білім беру ұйымының қызметі туралы білім беру қызметін ұсыну сапасы, өткізілген іс-шаралар, ата-аналармен өткізілген жиналыстар, педагог қызметкерлердің сандық сапалық құрамы, білім алушылардың пәндік олимпиадаға қатысуы, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық, демеушілер тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмектер туралы және 1 сыныпқа қабылдау, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар және оқулықтар туралы айтылып сонымен қатар жаңа оқу жылына арналған жоспарлармен таныстырылды. Қамқоршылық кеңес мүшелері және ата-аналар мектептің атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп жаңа оқу жылында мектеп қабырғасында қауышқысы келетіндері туралы өз ойларын айтып жеткізді.