Белсенді һәм беделді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Белсенді һәм беделді

Тігін кәсіпорындары мен медициналық өнімдерді шығарушылар тәулігіне 1 млн маска шығаруда. Тігін өнеркәсібінің өкілдері оның ішінде шағын кәсіпорындар, тіпті кіші бизнес өкілдері қазіргі қиындықтарға қарамастан Тұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры мен  «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған МейрімділікЭстафетасы атты республикалық акцияға белсенді атсалысуда.

Коронавируспен күрестен өңір аудандардағы әйелдер де шетте қалмады. «Бұны челлендж десек те болады. Бұл акцияны тек қала ғана емес, сонымен қатар облысымыздың аудандары да қолдап отыр. Пандемия жариялағанда ауыл әйелдері өз біліктілігін осыған қарай бұрды.  Сән киімдері ұлттық киімін тіккендер карантин кезінде маска мен арнайы киімдер тіге бастады», - дейді Жамбыл облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова.

Жедел жәрдем орталықтарына, блок бекеттер, қарттар үйіне және басқа да әлеуметтік мекемелерге жеке сақтық заттары тегін берілуде.

«Масканың басым бөлігін табыс  табу үшін тіккен жоқпыз. Біз осыған дейін Шымкенттегі аса маңызды мекемелерді маскамен қамтамасыз еттік.  Кіші компаниялар да өз жұмыскерлеріне бізден сатып алып отырды. Шымкентте наурыз айының аяғында карантинге жабылған Жанаталап ауылының тұрғындарына 3000-ға жуық масканы тегін бердік», - дейді Шымкент қаласындағы «ПК «АГФ групп» ЖШС директоры Гаухар Насырова. Жеңіл өнеркәсіптің ауыр жүгін арқалап жүрген Гаухар Насырова Шымкенттегі бизнес ханымдардың көшін бастаушы. Әрдайым игі істерге мұрындық болып жүреді. Гендерлік саясаттың арқасында бүгінде әйел ханымдарға қай сала болмасын жол ашық. Сондықтан да мүмкіндікті қалт жібермеу қажет деп есептейді.