Адамдық диқаншысы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Адамдық диқаншысы

Ұстаздарды «Адамдық диқаншысы» деп Алаш арыстарының бірі А.Байтұрсынов бекерден-бекер атамаса керек. Шәкіртінің бойына ізгілік нәрін сеуіп, адамгершілік дәнін егетін ғазиз жандарды қалай құрметтесек те артық емес.Ұстаз бала жанының бағбаны іспетті. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балапандарды өзіне баурап алып, мейірімі мен шапағатын күн шуағындай төге жүріп, өз уақытын аямай, шәкіртін бақытқа жеткізеді. Ол тек шәкіртін ғана емес, ұлтын, күллі адамзат баласын бақытқа жеткізу үшін еңбектенеді. Олардың адам болып қалыптасуы үшін тер төгеді. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін де барын салады. Жаман қылықтарын тиып, жақсы қасиетті сіңіру де педагогтың міндеті. Дәл осы орасан зор еңбек нәтижесі әрдайым өзінің жемісін берері сөзсіз ...

"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығына сәйкес, конкурстың II кезеңі – республикалық маңызы бар қала ретінде жоспар бойынша 26-28 – мамыр күндері өткізілуде.
Конкурс қорытындысына сәйкес Ш республикалық кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады. Осыған орай Шымкент қаласының педагогтері «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысуда.

Мақсаты - «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, педагогтердің іс-тәжірибесін насихаттау, мұғалімнің қоғамдық негізгі бейнесін қалыптастыру, қала мұғалімдерінің белсенділігін, дербестігін, креативтігін, шығармашылық ізденістігін көтеру, нәтижеге бағытталған тиімді технология мен оқыту әдістерін іздеу.Эссе тақырыптары:«Мен армандаған мектеп», «Менің арманымдағы мектеп», «Мен – педагогпін», «Мамандығым –мақтанышым».
Педагогтер «Үздік педагог» атағын беру қағидаларының ерекшеліктерімен жыл бойы әдістемелік орталық қызметкерлерінің түрлі іс-шаралар ұйымдастыруы және өолдау танытуымен таныстырылып, жүйелі түрде жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күні жинақталған педагог-үміткерлердің құжаттары толық сараптамадан өткізілуде. Барынша әділ, ашық, шынайы ұйымдастырлған қазылар алқасының қорытындысы өз мәресіне жетуге шақ қалды. Шымкенттік ұстаздар биік межеден көрінеді деген үміт басым