Аналарға құрмет көп
Шымкенттегі Аналар мен әйелдер кеңесінің мүшелері әрдайым игі істің басында жүреді. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен көп балалы аналарға әрдайым құрмет көрсетеді.
Шымкентте әлеуметтік көмек алатын отбасы саны қазір таңда 20 мыңнан асты. Көпбалалы отбасыларға барынша көмек көрсету қарастырылуда. Аналар кеңесі де көп балалы аналарға қолдау шараларын тұрақты ұйымдастыруды жоспарлап отыр, - деді Аналар кеңесінің төрайымы Балқия Көмекбаева. «Алтын алқа» иегері Дина Сансызбайқызы жастарды көп балалы ана атануға ұдайы үндеп жүреді.
«Әр баланы қоғамның парасатты бір мүшесі етіп тәрбиелу қажет. Жоғары білім әперіп қана емес, алған мамандығы бойынша жұмыс істеп, еліне қызмте етуі тиіс. Мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көрсетіліп жатқан көмекке ризамыз. Жас отбасыларға да барынша қолдау жасалуы қажет. Үлкен апа, әжелеріміз жастарға ұлттық дәстүрлерімізді насихаттап, отбасы құндылығын дәріптеуді үйретуі қажет» дейді ана.
Аналарға құрмет көп
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode