Мол мағлұмат берілді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Мол мағлұмат берілді

Мамандық таңдау- оқушы үшін ең маңызды қадам.Сондықтан бүгінгі оқушы, ертеңгі маман атанатын оқушыларды түрлі сауалдар толғандырады. Қандай қадамнан бастаған дұрыс? НЗМ түлегі оқуға түсерде қандай басымдыққа ие? Осы және өзге де оқушылар мен ата-аналарды толғандырған сұрақтарға кәсіби бағдар беруші жөніндегі кеңесші жауап берді. Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кәсіби бағдар беру жөніндегі кеңесші Марат Есназаров ТИМС палатформасында "Мамандық таңдау үшін міндетті пәндер" атты вебинар өтті. Вебинарға 140-тан аса 7-10 сынып оқушылары мен олардың ата-аналар қатысты. Вебинар аясында оқушыларға мамандық таңдаудағы міндетті және тереңдетілген, стандарт деңгейдегі пәндер туралы айтылды. Еліміздегі, халықаралық оқу орындарына түсу кезіндегі тапсыруға міндетті емтихан жайлы түсіндірілді. Комбинация бойынша пән таңдап, нендей маман иесі атануға болатыны жайлы ақпараттар жеткізілді. НЗМ оқушылары әрдайым білім көкжиектерін кеңейтіп, түрлі байқауларда бағы жанып жүрген түлектер. Білім алудан бөлек, тәртіп мәселесі де екінші планға қалып кетпеген. Мектеп оқушыларына жастар арасындағы қылмыстың алдын алу жайы да тереңірек түсіндіріліп өтті. Марат Есназаров - кәсіби бағдар беру жөніндегі кеңесші: "Біз жыл сайын әлеуметтік ғылымдар, экономика , бизнес және жаратылыстану бағыттары бойынша елімізде және халықаралық ору орындарында бөлінетін грант саны мен конкурс нәтижесін талдап, саралап отырамыз. Оқушыларға мамандық таңдап, емтихандарға дайындалуда, құжат әзірлеуде мұның барлығы назарға алынады. Яғни қайтсек ұтамыз немесе ұтылып қалмаймыз деген сауалдарға жауап іздейміз. Оқушы үшін ең тиімді жолды таңдауға тырысамыз. Әйтсе де, оқушылар тарапынан көбіне жіберілетін қателік , ол - уақытты есептемеу". NIS Certificate қабылдайтын шетелдік ЖОО және білім ұйымдары туралы мәліметтермен дер кезінде оқушыларды таныстырып, пайдалы ақпаратпен бөлісуга арналған шаралар басқосулар әлі де жалғасын табатын болады.