Жоспарланған жобалардың барлығы да жүзеге асырылмақ
Шымкентте кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кәсіпкерлерге, әсіресе әйел кәсіпкерлерге көптеген көмек көрсетіп келеді. Шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері осы жерде «бір терезе» қағидасымен бизнестерін ашу немесе жүргізу бойынша барлық сауалдарына жауап таба алады. Консалтингтік бөлімінің басшысы Н. Кунтуованың айтуынша, өңірімізде әйел азаматшалар кәсіпкерлікпен белсенді айналысып жүр. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданатын жобалардың басым бөлігі нәзікжандылардың жобасы. Кеңес алушылар да, бизнес жоба ұсынушылар арасында да әйелдер көп» дейді. Сондай-ақ алдағы уақытта шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланып отыр. Қаладағы карантин уақыты біткен соң жоспарланған жобалардың барлығы да жүзеге асырылмақ. Гендерлік саясаттың көрігін қыздырып жүрген нәзікжандылар бизнестің де биігін бағындыруға қауқарлы.
Жоспарланған жобалардың барлығы да жүзеге асырылмақ
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode