Гендерлік саясаттың гүлдері
Бүгінде еліміздегі нәзік жандылар бизнес саласын сәтті игеріп жүр. Бұған мемлекеттен берілетін жеңілдіктердің көмегі тиіп жатыр. Биылдан бастап әйелдерге кәсібін өркендетуге жылдық 5 пайызбен 10 млн. теңге несие берілетін болды. Шымкенттегі Кәсіпкер әйелдер кеңесі осы мәселелерді назарда ұстап келеді. Үшінші мегаполис тұрғындарының 42 пайызы нәзік жандылар. Статистикаға сүйенсек, өңірдегі басшы қызметтегі азаматшалар елімізде Алматыдан кейінгі екінші орында. Қалалық іскер әйелдер кеңесі 3 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Бұл кеңестің құрамында Шымкент қаласының 120 белсенді қыз-келіншектер бар. Нәзік жанды кәсіпкерлердің негізгі проблемасы айналымдағы капиталдың жоқтығы. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету секторы, тамақтану, білім беру қызметтеріне тән жобаларға жеңілдіктің болмауы. Былтыр кәсібін өркендетуге көмек сұрап, 2981 әйел өтініш білдірген. Әйелдер кәсібін дамытуға жылдық пайызы т өмен несиелер берілуде. Соның арқасында бизнес бикештер қатары артып келеді. Гендерік саясаттың гүлдері алдағы уақытта ел экономикасына қарқынды үлес қоспақ.
Гендерлік саясаттың гүлдері
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode